Олар Катардан 72 сағат ішінде өздері жолдаған талапты орындамаған жағдайда төрт ел бірлесе отырып шаралар қолданатындығын хабарлаған. Сауд Арабиясы, Мысыр, Біріккен Араб Әмірлігі және Бахрейн қатарлы елдер өздерінің 10 тармақтан тұратын талаптары Катар жағынан орындалмайтын болса, онда, Катарға қаратқан экономикалық эмбаргоны кеңейтіп, тіпті сол елдердегі Катарға тиесілі мүліктерді кепілдікке алатындарын ескертіп отыр. Қолданатын шараларының бірі ретінде Катарды Шығанақ Ынтымақтастық Кеңесіндегі мүшелігінен алып тастауы мүмкін.
Төрт елдің бірлесе отырып Бахрейнде әскери база құру ісінде, Мысырдың Шығанақ өңіріне тұңғыш рет әскери қадам жасағалы отырғаны тағы бар. Катар дағдарысын шешу үшін кейбір араб елдерінің Катарға қойған талаптарының өзі, бұл дағдарыстың шешім таппауына мүдделі талаптардың бар екенін, Шығанақ өңірінің қожалығы үшін көптеген тараптардың мүдделері тіреске түсіп жатқанын байқауға болады.
Дереккөз: qazaqtimes.com