Атырау, 28 қараша 09:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Германия билігі Ердоғанға Түркия халқы алдында сөз сөйлеуге тыйым салды

2 136 просмотра


Германия билігі Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның G20 саммиті кезінде Гамбургте тұратын Түркия азаматтары алдында сөз сөйлеуге байланысты сұрауын қабылдамай тастады.

«Шілденің 7-8 күндері Гамбург қаласында өтетін G20 саммиті кезінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Гамбург қаласында тұратын отандастары алдында сөз сөйлемейді.» 

Бұл жайында 29 маусым күні Германия сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль мәлімдеді. Зигмар Габриэльдің айтуынша, Түркия билігі ресми Берлинге G20 саммиті кезінде Германияда тұратын Түркия азаматтары алдында ел президентінің сөз сөйлеуіне байланысты ресми хат жолдаған. Бірақ қазіргі уақытта екі ел арасындағы қарым-қатыснас қайшылықтарына байланысты бұл өтінішті қабылдамаған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

30 маусым 2017, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.