Атырау, 5 мамыр 20:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Журналистердің кәсіби мерекесі атап өтілді

3 183 просмотра


28 маусымда журналистика ардагерлері, түрлі БАҚ-тар мен баспасөз қызметтерінің қызметкерлері (барлығы 100 шақты адам) өздерінің кәсіби мерекелері күнінде Дина Нұрпейісова атындағы Мәдениет сарайында жалпы жиналыс өткізді.

Биыл республиканың құрметті журналисі атағы берілгендердің есімі, сондай-ақ, кәсіби байқаулар мен спорт сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері аталды. Басым дауыспен Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы болып «Мұнайлы астана» газетінің жауапты хатшысы Алма ҚАЛУСАРИЕВА, сондай-ақ, ашық дауыспен филиал кеңесінің 9 мүшесі мен тексеру комиссиясының 3 мүшесі сайланды.

Жиналыс жұмысына жақын арада ғана тағайындалған облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының бастығы Жасұлан БИСЕМБИЕВ пен Өңірлік коммуникациялар қызметінің жетекшісі Серікжан ЕРМЕНТАЕВ қатысты. Бұл күні Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ салтанатты қабылдау дастарханында бірқатар журналистерды алғыс хаттармен және грамоталармен марапаттады.


Меншікті ақпарат

29 маусым 2017, 19:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.