Атырау, 28 қараша 09:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бүкіл әлемнің қарызы 217 трлн долларға дейін ұлғайды

1 607 просмотра


2017 жылдың 1 тоқсанында әлем қарызының жалпы көлемі 217 трлн долларға дейін жетті. Бір жыл ішінде 600 млрд долларға дейін ұлғайды. Халықаралық қаржы институтының шолуына сәйкес (Institute of International Finance, IIF), әлемдік жалпы ішкі өнімнің 327%-ына тең және рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Ведомости. 

Қарыздардың құрамына үкіметтің, банктердің, корпорациялардың, шаруа қожалықтарының алған қаржысы кіреді. Сарапшылардың айтуынша, қарыз деңгейі әртүрлі: мысалы кейбір елдерде оның көлемі артып жатсе енді бірінде керісінше, кеміп отыр. Қарыз деңгейі бойынша рекордтық көрстекішке ие болып тұрған АҚШ пен Қытай. Екі елдің жалпы қарызы 2 трлн долларға дейін артқан. Қытайдың қарызы 32,7 трлн долларды құраса, АҚШ-та 63 трлн доллар. РБК сайтының жазуынша, америка қарызының ұлғаюына қарамастан, елдің экономикалық өсімі одан жоғары болған. Ал Қытай қарызының ұлғаюына шаруа қожалықтары әсер еткен. 2017 жылдың 1 тоқсанында шаруа қожалықтар қарызының ЖІӨ-ге арақатынасы 45%-ды құрады және бұл ең жоғарғы көрсеткіш. 

Сондай-ақ, дамушы елдердің жалпы қарызы 3 трлн долларға көбейіп, 56 трлн доллардан асты және ЖІӨ-нің 218%-ын құрады.

Сонымен ЖІӨ-ге қатысты қарыз көлемі Қытайда, Чилиде, Колумбияда, және Түркияда ұлғайған. Ал Таиланд, Бразилия, Ресей және Венгрияда төмендеген.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

29 маусым 2017, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.