Атырау, 5 мамыр 19:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ватикан қазынашысы "бала зорлады" деп айыпталды

1 537 просмотра


Австралия полициясы кардинал, Ватиканның қазынашысы қызметін атқаратын Джордж Пеллді кәмелетке толмағандарға азғындық әрекеттер жасады деп айыптады. BBC-дің хабарлауныша, полиция қылмыстық іс эпизодтары талай жыл бұрын болғанын айтады.

Қазір Римде тұратын 76 жастағы кардинал 18 шілдеде Мельбрунде өтетін сотқа келуі тиіс. Бірақ кардинал айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарады және өзін сотта қорғамақ ниетте.

Австралияда арнайы комиссия балаларға жыныстық зорлық көрсету мен католик шіркеуінің ондай оқиғаларды жасырудағы рөліне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеудің дін қызметкері Джеральд Рисдейлге де қатысы бар. Тергеу мәліметінше, Рисдейлдің 1960-1980 жылдары 130 балаға жасалған жыныстық зорлыққа қатысы бар. Джордж Пелл бір кездері Рисдейлмен бір үйде тұрған және комиссия ол бұл қылмыстарды білуі мүмкін дейді.

Дереккөз: Азаттық

29 маусым 2017, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.