Атырау, 27 қараша 12:37
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Қарбызда нитраттар бар», тестер қызарып кетті

3 463 просмотра


Күнтізбеде әлі маусым айы, ал көкөніс сататын сөрелер қабығы жұқа жаңа піскен картоптан, ашық сарғылт түсті сәбізден, торсиған баклажаннан, тіпті тарғыл қарбыздардан тұнып тұр.  Тек ақылға тоқталып, оны сатып алудан тартынасың.

Сатушылардың сөзіне сенсек, көкөністер күн шуақты Өзбекстаннан келген. Ол жақта, әрине, жылырақ және топырағы да құнарлы, бірақ қарбыздың маусым айында пісуі ертерек емес пе? Біз тексеріп көру үшін сатып алдық.

Бірінші көзге түскен нүкте қала орталғында еді. Қолыма түскен бірінші қарбыз (келісі 250 теңге) 4 келіден сәл асады. Тәжірибе таза болу үшін онымен бірге жаңа піскен картоп, баклажандар сатып алып, Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының Атырау филиалына бет түзедік. Айтпақшы, бұл жерде кез келген ниет білдіруші көкөністер мен жемістердің құрамында нитраттардың бар-жоғын тексере алады. Бұл үшін бекітілген формада өтініш жазып, тексеру ақысын банктің жақын маңдағы бөлімшесіне төлеу керек.

Орталық токсикологы Ғалия ДІЛМАҒАМБЕТОВА соның көмегімен тексеру жүргізілетін нитрат-тестерді көрсетті:

Тестер көрсететін көрсеткіштен 15% алып тастаймыз. Бұл аппараттың ықтимал қателігі.

Жедел талдама санаулы секундтарда жүргізіледі. Картоптағы нитраттар құрамының рұқсат етілген нормасы бір келісіне 250 мг. Тестер 213 көрсетті, қателік пайызын шегеріп тастағанда келісіне 180 мг аламыз – бұл норма шеңберінде. Баклажандағы нитраттар шегі – келісіне 200 мг. Тестер көрсеткіші – 55, қателікті шегергенде – 46. Бұл да норма.

Ал қарбызға қатысты басқаша шықты. Ол бір келісіне 60 мг-нан аспауы тиіс, ал тестер экраны қызарып, 138 көрсетті – қателікті шегеріп тастағанда, 117,3 шықты. Мұндай қарбызды жеу қауіпті.

Инфекционист-дәрігерлердің айтуынша, нитраттар ішекке түскен кезде нитриттарға айналып, оттегінің тапшылығын тудыруы мүмкін. Нәтижесінде гипоксия (оттек азаюы) басталады. Нитраттар ағзаға көп түскен кезде аурудың инкубациялық кезеңі 2-ден 6 сағатқа дейін құрауы мүмкін. Содан кейін өткір улану белгілері пайда бола бастайды. Қарбыздағы нитраттардың қауіптілігі сол – оны алдын ала өңдеусіз және көп мөлшерде желінеді. Әсіресе, бұл балалар үшін қауіпті.

Тамара СУХОМЛИНОВА 

Суретті түсірген автор

27 маусым 2017, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.