Атырау, 8 мамыр 21:32
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Шегірткелерді жою жұмыстары жүруде

2 058 просмотра

Қызылқоға ауданында шегірткелерді улау жұмыстары жүріп жатыр.

- Ауданға итальяндық прус бұдан 30 жылдай бұрын келген. Биыл мамырдың бас жағында қаптай бастады. Оларды улау жұмыстары маусымның басында басталды, әлі де жалғасып жатыр, - дейді ҚР АШМ агоөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылқоға аумақтық инспекция басшысы Жолдас ИБРАШЕВ. – Аудан бойынша шегірткелер саны азайды, соның ішінде Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Қызылқоға, Тайсойған, Жамбыл ауылдық округтері толық тазартылды деуге болады.

Аудан көлеміндегі 11 000 га шабындық және жайылымдық жерден итальяндық прус анықталған болатын. Соның 10 500 га жерін алматылық «КазАвиа» ЖШС әуе арқылы дельтапланмен улады. Қаржы АШМ арқылы бөлінген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

26 маусым 2017, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.