Германияда 0 еуро номиналды купюралар шығарылды. Бұл үшін мемлекет Еуропалық орталық банктің рұқсатын алған, деп хабарлайды Neue Osnabrücker Zeitung.
Росбалт сайтының жазуынша, купюрада Германияның «Горх Фок II»әскери теңіз флотының 1958 жылы шығарылған кемесі бейнеленген. Купюралар тиражы 5 мың дананы құрайды. Ерекшелігі сол, бір купюраны сатып алу үшін 2,5 еуро жұмсауға тура келеді. Купюраны сувенир ретінде ғана қолдануға болады, төлем қабілетіне ие емес. Алайда басқа купюралар сияқты банкнотқа арналған қағаздарда басып шығарылады және қорғалған.
Дереккөз: qazaqtimes.com