Атырау, 25 қараша 23:04
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Азиада-2011 құрметіне арналған банкнота

4 682 просмотра

17 қаңтарда, Атырау Азиада-2011 эстафетасын қабылдаған  күні Ұлттық банктің Атырау филиалы осы ойындарға арналған екі мың теңге номиналындағы ескерткіш банкноталарды айналысқа шығарды.

Қолма-қол ақшамен және кассалық операциялармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Мүслім САҒЫНДЫҚОВ хабарлағандай, ақша 20 миллион тиражбен шыққан. Жаңа банкноттың айырмашылығы, оның сыртқы бетінде Азиялық ойындардың символикасы мен тау бөктеріндегі шаңғышы бейнеленген. Банкнотада ақшыл жасыл түс басымырақ.

Ал қысқы Азия ойындарына арналған ескерткіш монеталардың жарыққа шыққанына көп болды. Қазір үш түрдегі бірегей ақшалар: 5000 теңгелік номиналдағы күміс монеталар, 100 теңгелік номиналдағы 999-шы сынамалы алтын монеталар және 500 теңгелік номиналдағы күміс монеталар саттықта бар. Ескерткіш бұйымдарды шығаруға Азиаданы ұйымдастыру комитеті 148 миллион теңге бөлген.

Бұл монеталар банк қоймасында ұзақ сақталмайды деп жорамалдауға болады. Олар нумизматтардың меншігіне бірер күнде-ақ айналып үлгерер.

Анастасия Пастухова

20 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.