Атырау, 28 қараша 09:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Оңтүстік Корея экс-президентінің құрбысы үш жылға сотталды

2 089 просмотра
Фото: Reuters

Оңтүстік Корея соты елдің бұрынғы президентінің көп жылдан бері құрбысы мен кеңесшісі, жемқорлықпен байланысты атышулы оқиғаға қатысы бар Чхве Сун Сильді билікті теріс пайдаланғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды. Ол басқа да айыптаулар бойынша сот алдында жауап береді. 

Прокурорлар Чхве Сун Сильге өзінің қызы Чон Ю Раны университетке орналастыру үшін Оңтүстік Кореяның бұрыңғы президенті Пак Кын Хемен байланысын пайдаланғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. 

Сондай-ақ ол, тергеу дерегі бойынша, университет басшылығынан Чонға  оның істемеген жұмыстары үшін жоғары баға қоюды және оның тапсырмаған емтихандарын есепке алуды талап еткен.

Еске сала кетейік, Пак Кын Хеге қатысты дау 2016 жылғы қазан айында туды. Ол кезде басылым беттерінде мемлекет басшысына оның құрбысы Чхве Сун Силь ықпал етіп жүргені туралы ақпарат тараған еді. 2016 жылы желтоқсан айында Оңтүстік Кореяның парламенті Пак Кын Хеге импичмент жариялау мәселесін дауысқа салды, ал 10 наурыз күні оны Конституциялық сот бекітті. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 маусым 2017, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.