ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті 2016-2017 жылдары жылу маусымы кезеңінде көшедегі ауа температурасына байланысты жылу энергиясының құнына қайта есептеу жүргізді.
Жылу есептегіші жоқ тұтынушыларға 10 монополист бойынша жалпы сомасы 8 674 606 теңгеге қайта есептеу жүргізілді. Ол алдағы 2017-2018 жылдардағы жылу маусымынан бастап қайтарыла бастайды.
«АЖЭО» АҚ түбіртектердегі минус сомасы бойынша тұрмыстық тұтынушыларға - 7 495 456 теңге, «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-не - 884 383 теңге, «Жахан Атырау» ЖШС-не - 78 053 теңге, «Жылыой Су» МКК-не - 72 355 теңге, «Қамысқала Су Арнасы» ЖШС-не - 39 328 теңге, «Атырау Су Арнасы» КМК-не - 38 971 теңге, «Тұрмыстық қызмет» МКК-не – 34 959 теңге, «Куспанова К.С.» ЖК-не - 15 587 теңге, «Қайрат» ЖК-не - 8 678 теңге, «Тұрмыс қызмет» ЖШС-не - 6 836 теңге қайтарады.
Кейбір цифрлар қомақты көрінгенімен, әр тұтынушыға қайта есептеу жүргізілгенде шамамен айына 30 теңгеден шығады. Ал департаменттегілер ортақ үй есептегіштерін орнатуды насихаттаудан шаршаған емес. Бұл жағдайда төлем тек нақты тұтынылған энергия бойынша ғана алынады және ол белгіленген жалпы стандарттардан төмен. Оның үстіне, департамент хабарлағандай, «мүдделі мекемелермен бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде ортақ жылу есептегішті сатып алу және орнату құны бір данасы үшін 702 030 теңгеден 654 065 теңгеге дейін төмендеді».
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ