Атырау, 28 қараша 09:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ауғанстан: Банк алдында көліктегі бомба жарылып, 20 адам қаза тапты

2 222 просмотра


Ауғанстан билігі Гильменд уәлаятының орталығы Лашкар-Гах қаласында банк бөлімшесі алдында көлікке орнатылған бомба жарылып, кем дегенде 20 адам қаза тапты.

Уәлаят губернаторының өкілі Омар Звактың айтуынша, жарылыс 22 бейсенбіде Кабул банкі бөлімшесінің алдында болды. Жарылыстан 50-ден астам адам жараланды. Құрбандар арасында бейбіт тұрғындар, банк қызметкерлері мен қауіпсіздік күштерінің өкілдері бар.

Звак көлік ауған полицейлері мен әскери қызметкерлер банк алдында жалақысын алуға кезекте тұрғанда жарылғанын айтады.

Гильменд уәлаяты кеңесінің мүшесі Карим Аталдың айтуына қарағанда, жарылыстан соң банкте атыс болды.

Шабуыл жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ бұған дейін "Талибан" және "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымдары полицейлер, әскерилер мен мемлекеттік қызметкерлер жалақысын алатын банктерге шабуыл жасаған.

Өткен айда еңлдің шығысындағы Гардез қаласында банкке жасалған шабуылдан үш адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған.

Гильменд - "Талибан" қозғалысы бекінген аймақ және қозғалыс уәлаяттың 80 пайызға жуық территориясын бақылайды.

22 маусым 2017, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.