Атырау, 8 желтоқсан 22:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

"Ислам мемлекеті" содырлары тарихи маңызға ие ан-Нури мешітін жарып жіберді

2 456 рет қаралды

Фото: ВВС
«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы Ирактың Мосул қаласындағы орталық мешітін жарып жіберді деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі. Ирак әскерилерінің мәліметінше, «Ислам мемлекеті» содырлары Мосул қаласындағы тарихи маңызға ие ан-Нури мешітін жарып жіберген. 

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы өзінің Амак ақпарат агенттігі арқылы мешітті АҚШ әскери әуе күштері бомбылағанын хабарлаған. Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади "ан-Нури мешітінің жарылуы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының жеңілгендігінің белгісі" деп  айтқан. Себебі осыдан үш жыл бұрын «Ислам мемлекеті» дәл осы мешіт ішінде халифат құратыны жайында мәлімдеме жасаған болатын. 

ан-Нури мешітін Мосул қаласында ХІІ ғасырда яғни 1172 жылы салынған. ан-Нури Мосул сүниттерінің басты мешіті болып саналады.  

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

22 маусым 2017, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.