Атырау, 27 қараша 12:33
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ұрыс алаңын тастап кетпеді

2 676 просмотра

Азалы дата 22 маусым қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысқан үлкен әжемнің туған інісі Кәрім Сырымұлы АБУЛХАТАЕВ туралы әңгімелегім келеді.

Ол 1925 жылы дүниеге келген. Әскер қатарына Гурьев облысының Теңіз аудандық әскери комиссариатынан шақырылған. 1943 жылдың қаңтарында офицерлер құрамын дайындайтын Одесса әскери-жаяу әскер училищесіне курсант болып қабылданады. Ұрыс қимылдарына қатысып, 1950 жылы 17-ші Гвардиялық әуе-десанттық бригадасының құрамында Венгрия мен Австрия аумағында әскери қызметін аяқтады.

«Ерлігі үшін» медалінің марапат қағазынан үзінді: «1945 жылдың 17 наурызында жолдас Абулхатов қызмет ететін 106-шы атқыштар дивизиясының 355-атқыштар полкінің автоматшылар ротасы Балатон көлінде дұшпан шептеріне шабуыл жасау туралы бұйрық алады. Осы бұйрықты орындау кезінде жолдас Абулхатаев жауынгерлердің алдыңғы сапында болды. Ұрыс қызған шақта жараланды. Жарасына қарамастан, жолдас Абулхатаев ротаның әскери қатарында қалуды жалғастырды. Рота командирі жолдас Абулхатаевқа ұрыс алаңынан қауіпсіз жерге кетуді әлденеше рет ұсынады, алайда өз антына берік жолдас Абулхатаев тек ұрыс операциясы аяқталғаннан кейін ғана ұрыс алаңынан кетті.

Неміс басқыншыларымен шайқаста ерлік көрсеткені үшін жолдас Абулхатаев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталуға лайықты».

1962 жылдың тамызында еңбек ұжымының жолдамасы бойынша ол ішкі істер органдарына қызметке орналасты. Жедел-басшылық құрамында түрлі лауазымдарды атқарды. 1975 жылы Гурьев облыстық ІІБ бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Жұбайы ШЫНТЕМІРОВА Мафиғидаш Абдолқадырқызы да Ұлы Отан соғысына қатысушы. Ол 35 жылдан астам уақыт ҚР ІІМ-нің медициналық мекемелерінде еңбек еткен. Екі ардагер көптеген үкімет мапараттарымен марапатталған. Кәрім Абулхатаев 1997 жылдың 22 маусымында өмірден өтті. 

Қуаныш Юсупов, Атырау мұнай және газ университетінің 3-курс студенті

21 маусым 2017, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.