Атырау, 28 қараша 09:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Катар министрі: «әл-Жазира» арнасының болашағы саудаланбайды

2 118 просмотра

Катар СІМ басшысы. Фото: Түрік Теле-Радио
Катар үкіметі өздеріне дипломатиялық дағдарыс орнатқан араб елдерінің Катарға қаратқан эмбаргоны тоқтатпаса, біз де келіссөзді жүзеге асырмаймыз деп отыр. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттақ агенттігінің сайтында жазылды. 

Катардың Сыртқы істер министрі Шеих Мұхаммед ибн Абдурахман Жасим әл-Сани елдің орталық қаласы Дохада журналистерді қабылдағанда: «Катарға бағытталған қысымдар тоқтамайынша, келіссөзге келу мүмкін емес. Орын алған қайшылықтарды шешу үшін келіссөз керек, ал келіссөз үшін Катарға бағытталған дағдарыс тоқтатылуы, араб елдері өздерінің шараларын тоқтатуы тиіс», – деді. 

Осыған дейін өңірдегі мүдделі тараптар Шығанақ елдері кеңесінде келіссөз жүргізу арқылы Катар дағдарысын жақсартуды алға тартып келген. Дегенмен Катар министрінің мәлімдемесіне қарағанда келіссөз оңай жүзеге аса салмайтыны анық болып отыр. Катар келіссөздің алғышарты ретінде "бізге жасалған түрлі шектеулер алынып тасталсын" деген талап қоюда. 

Оған қоса министр Жасим әл-Сани: «әл-Жазира» арнасына байланысты істердің бәрі де Катар елінің ішкі ісі болып табылады. Сондықтан, бұл тақырыптар келіссөзде талқыланбайды. Катарға жасалған қысымды жеңілдету үшін, «әл-Жазираның» болашағы саудаға салынбайды», – деді.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

21 маусым 2017, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.