Атырау, 27 қараша 12:55
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өз еркімен және жарлық бойынша

4 201 просмотра

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін ШПАНОВ өз еркімен қызметінен кетті.

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Әлібек ЕРМЕКҚАЛИДІҢ хабарлағанындай, бұл лауазымға әзірге ешкім тағайындалмаған. 5 маусымнан бастап басқарма басшысының міндетін орынбасары Балдай ӨТЕҒАЛИЕВА уақытша атқарып келеді.

Шпановтың қызметінен кетуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз, ресми мәлімет бойынша «өз еркімен» кеткен. Қай қызметте еңбек етіп жатқаны туралы да әзірге хабарланбай отыр.

ҚР президентінің Жарлығымен Жылыой аудандық сотының төрағасы болып бұрын Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотының төрағасы болған Болатбек ЖҰМАБАЕВ тағайындалды.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

20 маусым 2017, 18:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.