Қырғызстан Президент аппаратының берген мәліметінде Алмазбек Атамбаевтың Ресейге жасайтын мемлекеттік сапары 5 күнге, яғни 24 маусымға дейін жалғасады. Екі ел дипломатиялық қатынасының 25 жылдығына арналған кездесу Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен болып отыр. Бұл ретте Қырғыз басшысы Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен де кездеспек.
Ресей мен Қырғызстан басшыларының кездесуінің басты тақырыбы - қауіпсіздік сақтау, миграция, қаржы және статистика тармақтарындағы екіжақты ынтымақтастыққа қол қою. Келісімдер Ресей мен Қырғызстан арасындағы бірлік және стратегиялық ортақтастықты қамтып отыр. Қырғыз басшысы бұған қоса кезекті сапарында Ресейдегі Қырғызстан мәдениет апталығына қатысып, Кремльдің үлкен залындағы қырғыз өнерпаздарының концертін Ресей басшыларымен бірге тамашалайды.
Дереккөз: qazaqtimes.com