Атырау, 27 қараша 12:29
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Билбордпен жасырылған балкондар

Сурет
3 007 просмотра

Аудан әкімдігінің ғимаратына қарсы орналасқан Индербор поселкесіндегі Бейбарыс көшесінің №2, 4, 6, 7 үш қабатты үйлердің балкондары құлайын деп тұр.  

- Жергілікті билік үйлердің апатты жағдайда екенін біледі, бірақ, тесіліп жатқан балкондарды билбордтармен жасырып қойды, - дейді үй тұрғындары.

Мұнда көбінесе зейнеткерлер, жалғызбасты қарттар мен жағдайы төмен отбасылар тұрады. 


Жасы 80-ге таяған Райса ЖҰМАҒАЛИЕВАНЫҢ (суретте) балконының жартысы көптен жоқ, тесіліп қалған. Мұндай балкондардың саны 20-дан астам. 2009 және 2011 жылы балкон жерге құлаған жағдайлар болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Үйлер елу жылдан астам уақыт бұрын салынған.  


Инберор поселкесінің әкімі Алмас ҚҰСАЙЫНОВ үйлер  жекеменшік болғандықтан тұрғындар өз ақшаларына жөндеуі керектігін айтады:

- 2001-2002 жылдары демеушілікпен сыртқы фасады жасалып, төбесі жөнге келтірілді. Енді мұндай мүмкіндік жоқ болып тұр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор  

19 маусым 2017, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.