Басылымға сұхбат берген Украина парламентінің өкілдері заң жобасы парламент қарауына осы аптада, президент Петр Порошенко АҚШ-қа сапарлап барған кезде түсуі мүмкін дейді.
Дереккөздерінің мәліметінше, Киев Донбаспен қарым-қатынасын тұрғындарға "бірқатар жеңілдіктер жасау арқылы" дұрыстауға талпынып жатыр. Украина билігі сонымен қатар өзін-өзі жариялап алған "халық республикаларының" тұрғындарына украин зейнетақысын алу, сауда жасау ережелерін жеңілдетуді жоспарлап отыр.
Өткен аптада президент Петр Порошенко Донбаспен реинтеграциялану туралы жоспар дайындалып жатқанын хабарлаған. Оның сөзінше, заң жобасы Минск келісімінде бекітілген шарттарға негізделеді.
БҰҰ мәліметінше, Украина шығысында қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері 10 мыңнан астам адам, оның ішінде үш үш мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, 24 мың адам жараланды. Киев пен Батыс елдері Мәскеуді сепаратистерді қаруландырып отып деп айыптайды. Кремль айыпты жоққа шығарады.
Дереккөз: Азаттық