Солтүстік Корея сарбазы Оңтүстік Кореяға қашып кетті деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі.
Солтүстік Корея сарбазы екі ел арасын бөліп тұрған Ханган өзені арқылы Оңтүстік Кореяға өткен. Ренхап ақпарат агенттігінің мәліметінше, Оңтүстік Корея әскерилері КХДР сарбазын Сеулдің батысында орналасқан Кимпхо қаласында ұстаған.
Осыдан бір апта бұрын тағы бір Солтүстік Корея сарбазы Оңтүстік Корея жағына қашып барған болатын. Оңтүстік Корея билігінің хабарлауынша, осы уақытқа дейін ел аумағына Солтүстік Кореяның 30 мыңнан астам азаматы қашып келген екен. Олардың басым көпшілігі Оңтүстік Корея амағына Қытай арқылы өткен.
Дереккөз: qazaqtimes.com