Атырау, 28 қараша 07:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АҚШ истребителі Сирия үкімет күштерінің ұшағын атып түсірді

2 412 просмотра


АҚШ истребителі Сирияда Ракка қаласының оңтүстігінде "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен соғысып жатқан көтерілісшіл топқа шабуыл жасаған үкімет күштерінің ұшағын атып түсірді. АҚШ бастаған коалиция өкілдерінің мәлімдеуінше, ұшақ "әскери іс-қимыл жүргізу ережелеріне сәйкес және ұжымдық өзін-өзі қорғау қажеттілігінен" атып түсірілген.

"Сирия билігінің Су-22 ұшағы Сирия демократиялық күштерінің жасақтары орныққан ауданды бомбалап жүрді. Осыған байланысты ұрыс жүргізу ережелеріне сай және коалицияның ұжымдық өзін-өзі қорғау қажеттігі туындап, ұшақ дереу атып түсірілді" делінген ресми мәлімдемеде. Негізінен күрд жасақтарынан құралған және АҚШ қолдайтын бұл топ ИМ мен Башар Асад әскеріне қарсы соғысады.

Сирия үкімет күштерінің әскери қолбасшылығы ұшақтың жерге құлап, ұшқыш із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Қолбасшылық таратқан мәлімдемеде "Бұл - армияның одақтастармен бірге ел аумағындағы терроризммен күресе алатын бірден-бір күш ретіндегі күш-жігерін мұқалту үшін жасалған шабуыл. Шабуыл армия мен одақтастар ИМ-ге қарсы соғыста кәдімгідей алға ілгерілеген кезде жасалып отыр" делінген.

Дереккөз: Азаттық

19 маусым 2017, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.