Ресейдің Қорғаныс министрлігі ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) лидері Ибрагим Әбу-Бакр әл-Багдадидің Ракка қаласында 28 мамырда РФ ӘҒК соққыларынан өлтірілгені туралы мәліметті жан-жақты тексеріп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Жан-жақты тексеріліп жатқан мәлімет бойынша, РФ Әуе-ғарыш күштері соққы жасаған жиында ИМ лидері Ибрагим Әбу-Бакр әл-Багдади болды, соққы нәтижесінде оның көзі жойылды", - делінген хабарламада.
Әл-Багдади 2014 жылдың шілдесінде ДАИШ Мосул қаласын басып алған кезде Таяу Шығыста "ислам халифатын" құру туралы мәлімдеме жасауы арқылы танылған болатын. Содан бері БАҚ-тарда оның көзі жойылғаны жайлы хабарлар тараған, алайда мәліметтер расталмаған еді.
Ал АҚШ басқаратын коалиция ДАИШ лидерінің РФ ӘҒК соққыларынан қаза болған деген мәліметті әзірше растай алмайтыны айтылады.
Дереккөз: Тengrinews.kz