Атырау, 25 қаңтар 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

АҚШ полициясы Ердоған қорғаушыларын тұтқынға алу туралы қаулы шығарды

2 475 рет қаралды


15 маусымда АҚШ полициясы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның 9 күзетшісін тұтқындауға байланысты қаулы шығарды. 

16 мамыр күні Ердоғанның АҚШ-қа сапары кезінде Уашингтондағы Түркия елшілігі алдында ереуілге шыққан күрдтер мен армияндарды Ердоған күзетшілері соққының астынан алған болатын. Осыған байланысыты маусымның 15 күні Уашингтон полициясының басшысы Питер Ньюзэм, Ердоғанның 9 күзетшісі мен Түрия әскерінің 3 офицеріне АҚШ-қа келіп заң алдында жауап берулерін сұраған. 

АҚШ полициясының бұл әрекетіне Ердоған: «Бұл не деген заң? Егер менің күзетшілерім мені қорғамаса, онда мен оларды неменеге Америкаға алып бардым?» - деп жауап берген. 

Ал Түркия Сыртқы істер министрлігі Анкарадағы АҚШ елшісі Джон Боссты осыған байланысты түсініктеме беруге шақырған болатын.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

16 маусым 2017, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.