Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігінің ресми сайты хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына сапарлай барған кезінде қол қойылған тоқтам бойынша, 110 млрд АҚШ долларының қару-жарағы сатылуға тиіс. Бұл саудаға америкалық заң шығарушылар мен Республикашыл бір топ лауазымды қарсы тұрды. Қарсылықты бастаушылардың көбі Құрама Штат сенаторлары болған. Айталық, Юта және Индиана штаттарының сенаторлары қарсылық жобасын сенатқа ұсынған. Бірақ, екі күн бұрын бұл жоба жеңіліске ұшырады.
Трамптың Сауд Арабиясына сапары Америка жаңа үкіметінің Орта-Шығыстағы ұстанатын жаңа сыртқы саясатының бейнесін ашып көрсетті. Трамп сапары аяқталысымен араб елдері арасында Катар дағдарысы орнады. Орта-Шығыстағы Америка ықпалы Сауд үкіметі арқылы жүзеге асатынын әлемге тағы бір әйгіледі.
Дереккөз: qazaqtimes.com