Сауд Арабиясында испаниялық "Барселона" футбол клубының футболкасын киуге тыйым салынды.
Сауд Арабиясында ел халқы катарлық "Qatar Airways" әуе компаниясының белгісі бар "Барселона" командасының футболкасын киетін болса, 135 мың доллар айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамалады деген заң қабылданды.
Катарлық "Qatar Airways" әуе компаниясы 4 жыл бойы "Барселона" футбол клубының ресми демеушісі болып келген. Бірақ, енді бір айдан кейін Барселона демеушісі жапониялық "Rakuten" компаниясы болмақ.
Естеріңізге салайық Сауд Арабиясы 5 маусым күні Катар билігін лаңкестерді қолдап отыр деп айыптап, ресми Дохамен барлық дипломатиялық байланыстарын үзген болатын.
Дереккөз: qazaqtimes.com