Астана қаласында өтетін Сүрия келіссөздерінің кезекті отырысы 4-5 шілдеге жоспарланған.
Жорж Крол: «Біз әзірге Қазақстан үкіметінен Сүрия келіссөздеріне байланысты ешқандай шақырту алған жоқпыз» - деді журналистерге.
Қайрат Әбдiрахманов Астана процесiнiң EXPO-2017 көрмесi кезiнде өтуiне ешқандай кедергi жоқ екенін айтқан болатын. Сондықтан, кездесудiң уақыты мен орны өзгермейдi. Министрдiң айтуынша, EXPO аясында өз алаңында Астана процесiнiң кезектi кездесуiн өткiзуге Қазақстанның әлеуетi жеткiлiктi. Осы уақытқа дейiн Астанада Сүриядағы қақтығысты тоқтату мақсатында халықаралық деңгейде бiрнеше кездесу өткен болатын.
Дереккөз: qazaqtimes.com