Түркия Катар аумағына өз әскерін кіргізбек деп хабарлайды Анадолу ақпарат агенттігі.
Катар аумағына Түркия әскери контингентін кіргізуге байланысты 7 маусымда қабылданған заңға сәйкес, 12 маусымда Катарға Түркия әскери делигациясы аттанған. Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресми Доханы қолдайтынын айтып, бұл мәселені Катарға санкция салумен шешуге болмайтынын айтқан еді.
Дереккөз: qazaqtimes.com