Атырау, 28 қараша 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ресей өзге елдердің ішкісаяси процестеріне ешқашан араласпайды - Путин

1 687 просмотра


Ресей өзге серіктестеріне қарағанда басқа елдердің ішкісаяси процестеріне ешқашан араласпайды. Бұл туралы Ресейдің президенті Владимир Путин америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. 

"Біз өзге көптеген серіктесімізге қарағанда басқа елдердің ішкісаяси процестеріне ешқашан араласпаймыз", - деді Путин Showtime телеарнасы таратқан фильмнің үзіндісінде.  Сондай-ақ, Путин өз отбасы жайлы айта келе қыздарын мақтаныш көретінін, олардың өз өмірі бар екенін және көрісіп тұратынын айтты. Ол күйеу балаларымен ешқашан пікір таластырмайтынын, себебі пікірдің әрқилы болатынын жасырмады.  "Басқа да пікірлер болады. Дауласпаймыз, пікірлесеміз. Олар (қыздарым) да. Бірақ олар саясатпен айналыспайды, ешқандай да ірі бизнесі жоқ. Олар ғылыммен, біліммен айналысады", - деді Ресей басшысы. 

Владимир Путин немерелерін қатты жақсы көретінін, алайда олармен сирек ойнайтынын айтты.  Айта кетейік, Ресей басшысына арналған The Putin Interviews фильмі 12 маусымда Showtime телеарнасында таныстырылды.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


13 маусым 2017, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.