Атырау, 30 мамыр 18:17
 дождьВ Атырау +22.1
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Құтыдағы уылдырық

3 722 рет қаралды

Көрнекі сурет
11 маусымда таңертеңгі сағат 7-де Контейнерный ықшамауданында ІІД полицейлері Атыраудың 55 жастағы тұрғынын өз үйінде ұстады. Ал тінту кезінде жалпы салмағы 11 келі болатын қара уылдырық салынған 22 пластик құтылар табылды.   


ҚР ҚК-нің 339-тармағы («Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды. Бір қызығы, жақын арада аяқталған «Бекіре-2017» операциясының екі айы ішінде «қара алтынның» осындай мөлшері тәркіленген болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 маусым 2017, 19:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.