Атырау, 27 қараша 12:46
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Кәріз суын рұқсат етілмеген жерге ағызуда

4 035 просмотра
Жаңа кәріз суын тазарту станциясының құрылысы тоқтап тұр. Сурет "АЖ" мұрағатынан алынған.

Жылыой аудандық прокуратурасы «ЖылыойСу» КМК Құлсары қаласында кәріз суын тазарту станциясы (КОС) және су булану алаңының болмауына байланысты қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алмағанын анықтады.

- 2016-2017 жылдары шаруашылық субьектілері мен КМК арасында жасалған келісімшартқа сәйкес, 130 898 текше метр сарқынды сулар тасымалданып, тазартудан өткізілместен тұзды сорға рұқсатсыз жіберіліп отырғаны белгілі болды, - дейді Жылыой ауданы прокуратурасының прокуроры Сапар ТҰРСЫНБЕКОВ.

Сөйтіп, прокуратураның заң бұзушылықты жою туралы ұсынысы негізінде КМК-ға ҚР ӘҚБтК-ның 141-бабымен («Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу») 60 АЕК көлемінде айыппұл салды. Аудан әкімдігі прокуратураға кәріз суын тазарту станциясының құрылысы жоспарда бар деп жауап берді.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 маусым 2017, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.