Ал Барселона мэриясының мәліметінше алаңға 30 мыңнан астам адам шыққан. Барселона халқының алдында сөйлеген Мюнхендік Бавария футбол клубының бұрынғы бапкері Пеп Гвардиола «Бізде басқа жол жоқ. Ресми Мадрид қолдаса да, қолдамаса да референдум өтеді.» деген.
Естеріңізге салайық Каталония басшысы Карлес Пучдемон ресми Мадридтің келісімінсіз 9 маусым күні 1 қазанда референдум өткізетіндіктерін мәлімдеген болатын. Референдумда Каталония халқы «Сіз Каталонияның республикалық басқару жүйесіндегі тәуелсіз ел болғанын қалайсыз ба?» деген сұраққа жауап беруі тиіс.
Дереккөз: qazaqtimes.com