Исатай аудандық соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-тармағы (алаяқтық) бойынша Аққыстау поселкесінде орналасқан «Зинеден ата» мешітінің наиб имамына (орынбасары) қатысты қозғалған әкімшілік істі қарады.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ақшам намазынан кейін діндарлардың көзінше мешіттің наиб имамы С. бас имамның жұмысына наразылығын білдірген. Ал бас имам бүкіл ауызекі ұрысты ұялы телефон камерасына түсіріп алады.
Наиб имам бұған наразы болып, тікелей басшысынан телефонды алып қоймақ болып, ашу үстінде оны кеудесінен ұрып жібереді. Мешіттегі діндарлар екі дін қызметкерін айыра бастаған.
Сотта наим имам өз кінәсін мойындап, бас имамнан кешірім сұрады. Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған азғана айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Бұл оқиға ағымдағы жылдың мамырында орын алған еді. Облысттың бас имамы Батыржан МАНСҰРОВ шұғыл арада Аққыстауға барып, жанжалға қатысушы екі қызметкерді орындарынан алып тастап, ауданның жаңа бас имамым тағайындады. Оның орынбасары лауазымы әзірге бос тұр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ