ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері полиция қызметкерлерінің қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды. Оның 4-уі сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша.
Ақпанда ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Атырау қалалық ІІБ жол-патрульдік полицейін 30 мың теңге мөлшерінде пара алу кезінде ұстады. Ол ақшаны қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін алған (бұл заң бұзушылық бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігін айырумен жазаланады). Мамырда қалалық №2 соты бұрынғы патруль қызметкеріне 3,5 айға бостандығын шектеу жазасын берді, тергеу барысында оны полиция қатарынан шығарды.
Қазір сотта пара алды деп айыпталған Атырау тергеу абақтысының бақылаушысына қатысты қылмыстық іс қаралуда. Тергеу жорамалы бойынша, ол ұялы телефон ұсынып, «әрі қарай қамқорлық» көрсеткені үшін тұтқыннан 20 мың теңге сұраған. Сөйтіп, делдалдың қолынан пара алу кезінде ұсталды.
ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы 25-10-38 сенім телефоны жұмыс жасайтынын хабарлайды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ