Атырау, 28 қараша 07:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Катармен байланысын үзген елдер "террористер тізімін" түзді

2 890 просмотра

шейх Мохаммед бин Абдулрахман әл-Тани, Катар сыртқы істер министрі.
Катармен байланысын үзген араб елдері Сауд Арабиясы, Египет, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктері "Катармен байланысы бар болуы мүмкін" және "терроризм мен экстремизмге қолдау көрсететін" ондаған адамның тізімін жасады. Сауд Арабиясы басқарған топ тізіміне 59 адамды, оның ішінде "Мұсылман бауырластар" қозғалысының Египеттегі жетекшісі Юсеф Кардавиді және Катар қаржыландыратын 12 қайырымдылық ұйымын қосты.

Катар билігі өзіне тағылған айыптауды жоққа шығарып, БҰҰ қабылдаған терроризмнің алдын алу және оны қаржыландыруға тыйым салу шараларына сай жұмыс істейтінін айтады. "Бізді ешім сындыра алмайды. Біз берілмейміз және тәуелсіздігімізді сыртқы саясаткерлерге ешқашан жығып бермейміз" деп мәлімдеді Катар сыртқы істер министрі, шейх Мохаммед бин Абдулрахман әл-Тани.

Тізімге "терроризмді қаржыландырады" делінген жекелеген Катар азаматтарынан өзге катарлық белгілі бизнесмендер, саясаткерлер мен биліктегі әулеттің өкілдері енгізілген. Тізімдегі 26 Египет азаматының арасында Кардави және "азғырушы" деген атқа ие болған салафит дін уағызшысы Вагди Гонеим бар. Сонымен қатар тізімге Бахрейндегі Иранмен байланысы бар шииттік топтар, оның ішінде "араб көктемінде" пайда болған "14 ақпан" оппозициялық тобы бар.

Дереккөз: Азаттық

9 маусым 2017, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.