Атырау, 3 маусым 01:26
 дождьВ Атырау +13.6
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Жігіттер, жас күніңде жұмыс істеп қал...

3 246 рет қаралды


Жастар еңбек биржасының арқасында Атырау облысының 70-тей тұрғыны өздеріне тұрақты жұмыс тапты. Бұл туралы жастар ресурс орталығында өткен брифингте осы орталықтың жетекшісі Рафхат БОЗБАЛИЕВ айтып өтті. 

Бұл орталықтағы еңбек биржасы негізінен жасы 30-дан аспаған адамдарға бағытталған. Бұл жерде оларға түйіндеме жазуға көмектеседі және бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырады.

- Соңғы күндері өткізілген жәрмеңкеге 300-дей бос жұмыс орнын ұсынған 27 кәсіпорын қатысты. 700 адам өтініш берді, соның 70-і жұмысқа орналаса алды. Келесі жәрмеңкені маусым айыныңі аяғында ұйымдастыруды көздеп отырмыз, - дейді Р.Бозбалиев.

Ресми ақпарат бойынша бүгінгі күні Атырауда жұмыссыз жүрген 1215 бозбала мен қыздар бар.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суретті түсірген автор

9 маусым 2017, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.