Жапон парламенті жұмада 83 жастағы император Акихито (суретте) тағынан бас тартуға мүмкіндік беретін заң қабылдады, деп хабарлады Kyodo News.
Үш жыл ішінде Акихито басқару билігін өзінің мұрагері ханзада Нарухитоға бере алады. Бұл 2019 жылдың басында болады деп күтілуде. Парламент императорлық үй туралы заңды өзгерткен жоқ және қазіргі мемлекет басшысына қатысты құжатты ғана қабылдады.
Осы күнге дейін Жапонияда монархтың тағынан бас тартуына мүмкіндік болмаған. Алайда өткен жылы Акихито халық алдында өзінің егде жасына және денсаулық жағдайына байланысты тағынан бас тартқысы келетінін айтқан болатын. Тағынан бас тарту оқиғасы Жапония үшін екі жүз жыл ішіндегі алғашқысы. Соңғы рет 1871 жылы болған.
Дереккөз: ҚазАқпарат