Атырау, 29 наурыз 07:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Иран Тегерандағы лаңкестік шабуылға Сауд Арабиясының қатысы бар деп мәлімдеді

2 369 просмотра


Иран ислам ревалюциясын қорғаушылар корпусы Тегеранда болған лаңкестік шабуылға Сауд Арабиясының қатысы бар деп хабарлады. 

Иран ислам ревалюциясын қорғаушылар корпусының генералы Хоссейн Салами «Тегерандағы жарылыс АҚШ президенті Дональд Трамптың араб елдерінің басшыларымен кездесуінен кейін, бір аптадан соң  болды.Бұл лаңкестік шабуылды «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы өз мойынына алды. Ал Сауд Арабиясының террористерді қолдап отырғанын ескерсек, бұл жерде олардың тікелей қатысы бар. Иран ел астанасы Тегеранда болған лаңкестік шабуыл үшін мінетті түрде кек қайтарады.» деген. 

Естеріңізге салайық 7 маусым күні Тегеран қаласында Аятолла Хоменей мавзолейі мен Иран парламенті ғимаратына лаңкестік шабуыл жасалып, салдарынан 13 адам көз жұмып, 43 адам жарақат алған еді. Кейінен бұл террорлық шабуылды «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы өз мойынына алған болатын. 

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

8 маусым 2017, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.