Бірнеше күн бұрын Сауд Арабиясы бастап, Мысыр, БАӘ, Бахрейн, Йемен, Мальдив, Ливия қатарлы жеті араб мемлекеттері Катардан дипломатиялық қатынастарын үзді. Арап түбегінің шығысындағы Парсы шығанағындағы шағын түбекке орналасқан Катардың халық саны 2 миллион айналасында. Жер көлемі 12 мың шаршы шақырымға жетпейді. Шығысында Парсы шығанағы арқылы Иранмен су арқылы шекараласады. Оңтүстік шығысында Біріккен Араб Әмірлігі, Солтүстікте Бахрейн қатарлы шағын араб елдері бар. Ал батысы Сауд Арабиясына тіреледі. Төңірегін қоршаған бауырлас елдердің дипломатиялық қатынасын үзіп, теңіз және әуе жолдарын кесіп тастауы Катар халқын тұтынудағы тапшылыққа ұшыраудан алаңдатты.
Алайда Катар әмірлігі: «Сыртқы дипломатиялық қатынастардың үзілуі халықтың тұрмысына ықпал етуі мүмкін, алайда Катардың шекара ішіндегі халықты ұзақ мерзімге тұтынумен қамдауға шамасы әбден жетеді», – деп отыр.
Дереккөз: qazaqtimes.com