Атырау, 22 қараша 19:05
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Жұлдыздармен бірге ән шырқады

2 920 просмотра


Алматыда 10 жастан жоғары мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында 12-ші республикалық «Жұлдызай» фестивалі өтті.

Алдымен облыстарда іріктеу турлары өтті. 13 сәуірде Атырауда өткен турда «Земля моя» әнін орындаған Альфия ТІЛЕКҚАБЫЛ (10 жас) мен «Туған жер» әнін орындаған Бекзада АСҚАРОВА (14 жас) ойдағыдай өнер көрсетті. Алматыда вокалшылар байқауында өз жасы бойынша Альфия 3-дәрежелі жүлдегер, ал Бекзада – фестиваль дипломанты атанды. Жүлделі орындардың иегерлері 1 маусымда қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге Республика Сарайында өткен гала-концертке қатысты. Балаларды «Өмір гүлі» ансамблінің көркемдік жетекшісі Тыныш ЖАҚЫПОВА дайындады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 маусым 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.