БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш (суретте) Орталық Азия елдеріне - Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанға сапарлайды.
БҰҰ-ның хабарлауынша, 8−9 маусымда Гуттериш Астанада болып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысады.
10 маусымда БҰҰ бас хатшысы Самарқанға барып, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен бірге Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық форумның ашылуына қатысады. Осы күні түстен кейін Гутерриш Қарақалпақстандағы Арал маңы ауданына барады. Онда ол Арал теңізінің жағдайын тікұшақпен аралап көреді.
11 маусымда Антониу Гутерриш Бішкекке барып, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездеседі. Одан кейін Ошқа барып, 2010 жылы маусымда болған қайғылы оқиғаны еске алу шарасына қатысады.
12 маусымда Антониу Гутерриш Тәжікстанға, 13 маусымда Түркіменстанға барып, ел президенттерімен кездеседі.
Дереккөз: Азаттық