Атырау, 28 қараша 07:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Иран парламентінде атыс болды: Қаза тапқандар бар

2 274 просмотра


Иран парламентінде белгісіз біреу атыс шығарып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінще, қаза тапқан ер адам мен жарақат алған екі адам парламентте күзет қызметінде жұмыс істеген. Ал үшінші зардап шеккен адам келушілердің бірі екен. Tasnim агенттігінің мәліметінше, атыс әлі жалғасып жатыр. Белгісіз біреулер бірнеше адамды кепілге алған. Олардың кім екені және неліктен атыс шығарғаны әлі белгісіз. Бірақ Mehr агенттігінің мәліметінше, атыстан сегіз адам зардап шекті. Бірақ агенттіктің дереккөздері Иран қауіпсіздік қызметіндегілердің адамдардың кепілге алынғаны жайлы мәліметті әлі растамағанын айтады. 

Жергілікті БАҚ-тарда шабуыл жасаған ер адамның қамауға алынғаны хабарланды, бірақ ол мәлімет расталған жоқ. Сондай-ақ, Тегеранның оңтүстігіндегі мазарда атыс болғаны және зардап шеккендердің бар екені хабарланып отыр. ISNA агенттігінің мәліметінше, бес адам жарақат алған және қаза тапқандар да бар. Осыған байланысты екі адам қамауға алынған.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


7 маусым 2017, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.