Атырау, 28 қараша 07:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ЕО елдерінің елшілері Қырымға қарсы санкцияны бір жылға ұзартты

1 855 просмотра


Еуропа Одағына (ЕО) мүше елдер елшілері Қырымға инвестиция құюға салынған тыйымды тағы бір жылға ұзартты. Енді 19 маусымда ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері Люксембургте өтетін жиында елшілердің шешімін құптайды деген болжам бар. Санкция 2014 жылы Ресейдің Қырымды Украинадан аннексиялап алуына жауап ретірде салынған. Санкция күші жыл сайын ұзартылып отырады.

Санкция бойынша ЕО-дан Қырымға Украина билігі сертификат берген өнімдерден басқа тауарларға және еуропалық компаниялардың Қырымнан жылжымайтын және басқа да мүліктер сатып алуына, Қырым маңындағы теңізге ЕО елдерге тиісті саяхат кемелерінің кіруіне тыйым салынған. Сонымен қатар Қырымда өндірілген, транспорт, телекоммуникация және энергетикалық салаларда пайдаланылатын тауар мен технологияны экспорттауға да вето қойылған.

Дереккөз: Азаттық

7 маусым 2017, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.