Атырау, 28 қараша 07:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

БҰҰ Бас хатшысы Израильдің 50 жылдық шапқыншылығын айыптады

3 793 просмотра

Фото: russia now
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш 50 жылдан бері жалғасып келе жатқан жаулауды тоқтату туралы Израильге үндеу тастады. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр. 

БҰҰ Бас хатшысы өңірде бір тұтас бейбітшілік орнатудың басты негізі – жаулауды тоқтатып, бейбіт келіссөздерге бару екенін айтты. 


Бұл туралы Гутерреш Израильдің Палестинаны жаулауының 50 жылдығына орай жасаған жазбаша мәлімдемесінде сөз етті. Ол мәлімдемесінде жарты ғасырдан бері жалғасып келе жатқан Израильдің Палестинаны жаулау шапқыншылығы өңірдің тұрақтылығын бұзып, Палестина халқының ұрпақтан ұрпаққа лагерлерде кедейшілікпен өмір сүруіне алып келгенін ескерте кеткен.

Гутерреш сөзінде: «Израиль шапқыншылығы екі елдің өміріне де ауыр зиян салды. Екі мемлекеттің халқын кедейлікке ұрындырды. Сондай-ақ, палестиналықтар мен еврейлер арасында бітпес жаулық пен тарқамас кекті орнатты. Палестиналықтардың мемлекетін қайта құру идеясы, израильдіктердің көксеген тыныштық пен бейбіт өмірін жүзеге асырмайды», – деді.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

7 маусым 2017, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.