Атырау, 27 қараша 11:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Сараптама шешеді»

3 215 просмотра

Өңірлік Коммуникациялар қызметінде Атырау облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім басшысы Мәди МҰХСАНОВТЫҢ қатысуымен брифинг өтті.

Ол 2016 жылы «Зияткерлік құқықты қорғау жөніндегі» әлемдік рейтингісінде Қазақстан 69-орынды иемденгенін хабарлады.

Жыл басынан бері Атырау облысында ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы («Тауар белгісін заңсыз пайдалану») бойынша 1 әкімшілік іс көтерілді. Әңгіме Атырауда Санкт-Петербургтен әкелінген «Сваровски» маркасындағы әшекей бұйымдардың сатылуы туралы. Негізінде, Сварвский тастарының шынайы бағасы 50-70 мың теңгеден басталады. Ал, мұнда олар 10-12 мыңнан сатылған. Сараптама тауарлардың жасанды екенін анықтады заңсыз соттың шешімімен сатушыға 90 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Осы брифингті пайдалана отырып біз «Ақ Жайық» газетінің атауына айырғысыз дәрежеде ұқсас «Ақ Жайық kz» журналының 2012 жылдан бастап жарық көре бастағанына қатысты түсінік беруді сұрадық:

- Ақпарат министрлігіне тіркелген куәліктен бөлек, біздің газеттің редакциясы бірнеше жыл  бұрын Әділет министрлігінен «Ақ Жайық» тауарлық белгісінің куәлігін алды. Ал, «Ақ Жайық kz» журналы бірқатар жыл бойы облыстық бюджет есебінен Астанада басылып шығады. ҚР «БАҚ туралы Заңының» 10-бабының 4-тармағына сәйкес, егер бұрын сол аумаққа таралатын және айырғысыз дәрежеде ұқсас атаумен басқа БАҚ-қа куәлік берілген болса, есепке қою туралы куәлікті беруден бас тартылуы тиіс». Осыған қатысты не айта аласыз?

- Сіздің газетіңіздің тауарлық белгісі туралы куәлігі бар ма?

- Бар.

- Егер айырғысыз дәрежеде ұқсас болса, Астанадағы Ұлттық зияткерлік меншік институтына сараптама тағайындау туралы сұраныспен шығу керек. Кейін сотқа беруге болады..

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

«АЖ» редакциясынан: Біздің ешкіммен соттаспайтынымыз түсінікті. Тек 2013 жылғы «2013: Жыл кейіпкерлері» атты біздің шолуымыздағы «Жыл плагиаты» төл тақырыбында не жазылғанын еске түсіріп өтейік:

"«Ақ Жайық kz» журналының пайда болуымен есте қалды. «Ақ-Жайық» газетінің бас редакторы Рахымжан ОТАРБАЕВТЫҢ» таяуда президент Назарбаевтың атынан «Парасат» орденімен марапатталуы БАҚ туралы заңның бұзылуының шарықтау шегі болды. Бүкіл жауапкершілікпен мәлімдеуге өкілеттіміз: газет - олардікі емес, ал редактор – біздікі емес".

Қысқасы, аттас журналды қаржыландыратын жергілікті билік ақырында заң бұзушылыққа көңіл аударар деп үміттенеміз. Кезекті марапаттау кезінде қате қайталанбас үшін. Нұрсұлтан Әбішұлына өзінің жарлығына екінші рет қол қойдыртуға ұсыну ыңғайсыз болар.

2 маусым 2017, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.