Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылында тұратын 40 жастағы шопанды полиция мен құтқарушылар төрт күн бойына іздеді. Ол отарды іздеуге шығып кеткен, ал кешкісін қожайынсыз тек мінген аты ғана оралыпты.
30 мамырда тал түсте шопанның денесін жергілікті тұрғындар даладағы шағын көлдің жағалауынан тауып алған. Сараптама тағайындалды, тергеумен АІІБ айналысуда.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ