Атырау, 20 желтоқсан 06:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

13 жастағы баланы ит талап тастағаны туралы

4 651 рет қаралды

Құқыққорғау органдары ұсынған ақпарат бойынша, 2017 жылдың 26 мамырында Авангард ықшамауданында бір топ жасөспірім жеке секторда құрылыс салынып жатқан нысанда ойнап жүрген кезде арттарынан қарауылшы қуған (балалардың сөзі).

Балалар жан-жаққа бытырап, балалардың бірі жеке тұрғын үйдің ауласына кіріп кеткен. Сол жерде оған алабай тұқымды ит жабысқан. Кейінірек анықталғандай, ит үй қожайындарына тиесілі екен, олар растайтын құжаттары мен ветеринарлық төлқұжатын ұсынды. Зардап шегуші қазіргі кезде облыстық балалар ауруханасында жатыр. Өміріне қауіп жоқ, жағдайы тұрақты ауыр күйде.

Серікжан Ерментаев, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы


28 мамыр 2017, 19:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


Комментарий беру ажыратылған