26 мамырда «Атырау» ДСК-де «Қазақстанның үздік тауары» атты республикалық көрме-байқауының өңірлік кезеңі өтті.
- Биыл «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясына қатысуға 7 компания, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясына 6 компания, «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» номинациясына 11 компания өтініш берді, - дейді Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Амангелді ИМАНОВ.
Қатысушылар арасында өткен жылғы байқаудың жеңімпаздары: «Карат», «Насиха», «Өнерпаз», «Рауан Налко», «Полимер продакшн», «Амангелді атындағы ӨК» ЖШС бар. Жаңадан қатысушылардан – жүннен тоқылған бұйымдар шығарумен айналысатын «Каспий лана Атырау» ЖШС, «Дәулет-нан» сауда маркасы бар «Trans Tech international» ЖШС «Даулет-нан», ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші «Агрохолдинг», жуу құралдарын шығаратын «Кожахмедов» ЖК, минералды су өндіруші «Каспий ботлерс», «Алмалы құс» құс фабрикасы бар. Биылғы байқаудың басты ерекшелігі: жеңіс өз өнімі туралы тек Қазақстан шеңберінде ғана емес, одан тысқары жерлерге танытуға мүмкіндік береді. Өйткені, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қорытынды байқауды «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде өткізуді жоспарлап отыр.
Сол күні қорытынды жасалды. «Азық-түлік тауарлары» номинациясында бірінші орынды «Первомайский» ЖШС, екінші орынды – «Амангелді атындағы ӨК» ЖШС, үшінші орынды «Карат» ЖШС алды. «Азық-түлік емес тауарлар» санатында «КасХим» ЖШС үздік атанды. Екінші орынды «Рауан Налко» ЖШС, үшінші орынды «Полимер Продакшн» ЖШС иеленді. «Тұрғындарға арналған тауарлар» бойынша «Trans Tech international» ЖШС жеңімпаз болды, 2-орын «Өнерпаз» ЖШС-не, 3-орын «Дәулетов» ЖК-не бұйырды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор