Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 4 мамырда Атыраудағы Сатпаев даңғылының бойында ХҚКО маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде «Тойота Ланд Крузер - 200» көлігі 54 жастағы әйелді қағып кетіп, әйел сол жерде көз жұмған еді. Біздің бейресми ақпаратымыз бойынша, көлік рөлінде құқыққорғау құрылымдарында көп уақыттан бері жұмыс жасамайтын ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының, балық инспекциясының, тергеу абақтысының бұрынғы басшысы отырған.
Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі, осы жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тармағы («Абайсызда адам өліміне әкелген көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, трассологиялық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Жүргізушінің жеке басына келер болсақ, біздің сауалымызға жауап бере отырып, баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің «Сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жариялануға жатпайды» делінген 201-бабына сілтеме жасады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ