Бүгін, 19 мамыр күні Махамбет поэзиясының күніне арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты республикалық шара ұйымдастырылды.
Аққұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, Сәбит ДОСАНОВ, Әнес САРАЕВ, Роллан СИСЕНБАЕВ, Мереке ҚҰЛКЕНОВ, Есенғали РАУШАНОВ, Серік ТҰРҒЫНБЕКОВ, Светқали НҰРЖАН, Маржан ЕРШУ, Қасымхан БЕГМАНОВ және республикаға белгілі тағы да басқа ақын-жазушылар мен облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ бастаған бір топ шенеунік дауылпаз ақын, батыр Махамбет ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі Қараой өңіріндегі мазары басында болып, дұға оқылып, бет сипасты. Мазар маңына киіз үйлер тігіліп, ішінде көрме ұйымдастырылып, дастархан жайылды.
Облыс әкімі шараны ашқан соң арнайы ат басын тіреп келген ақын-жазушылар сөз алып, өлеңдерін оқыды.
Аталмыш шараның бастамашысы болған ақын Қойшығұл Жылқышиев шара екі күн өтетінін айтты. Екінші күні ақын-жазушылар топқа бөлініп, жергілікті халықпен кездесу үшін жеті ауданға барады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді түсірген автор