Атырау қалалық прокуратурасы монополистер - «ҚазТрансГазАймақ» Атырау өндірістік филиалы, «АтырауСуАрнасы» КМК, «Атырау-Жарық» АҚ-да топографиялық түсірілімді заңсыз талап еткенін анықтады.
Ал құбырлар мен желілердің схемасы болса, мұны жасау міндетті емес. Айта кету керек, әрбір 10 сотық жер учаскесіне топографиялық түсірілім жасаудың нарықтағы құны 19 500 теңге тұрады.
Атырау қаласының прокуроры Руфат ҚҰТТЫҚОВТЫҢ хабарлауынша, тексеру нәтижелері бойынша бұл заңсыз тәжірибелер тоқтатылып, жауапты мекеме қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА